18 Желт 2020
Страницы "Жабасақ жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп туралы

«Жабасақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 

Игисинова Гулайм Кайыровна

Қабылдау кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері   14:00-18:00

Жұмыс телефонының номері:    8713-39-34-021

Қысқаша өмірбаяны:

Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, Жабасақ ауылында  дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.

1997 ж Қарасу бастауыш мектебінде бастауыш класс мұғалімі.

2004 ж қыркүйек –«Жабасақ орта мектебі» бастауыш класс мұғалімі

2010 ж қыркүйек- «Жабасақ орта мектебі» ММ-сінің директорының оқу ісінің орынбасары

2016 ж қыркүйек- «Жабасақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директоры

Марапатталуы:

-2014 ж.  «НұрОтан ХДП» Алғыс хат

-2014 ж.  Облыстық білім басқармасы «Құрмет Грамотасы»

-2019 ж.  Облыстық кәсіподақ «Құрмет грамотасы»

-2020 ж.  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Алғыс хат»

-2020 ж. КР Білім министрі   «Құрмет грамотасы»

 

Косымова Гулжан Бекмуратовна – оқу  ісінің орынбасары

Жұмыс телефонының номері   8(71339) 34-0-38

Қабылдау кестесі: сәрсенбі 14.00 -18.00 сағ

 

Абдирахманова Багила Шамшина – оқу ісінің орынбасары

Жұмыс телефонының номері   8(71339) 34-0-38

Қабылдау кестесі:  бейсенбі  9.00 – 13.00

 

Сулейменов Мадениет Нажмадинович – тәрбие   ісінің орынбасары

Жұмыс телефонының номері   8(71339) 34-0-38

Қабылдау кестесі: жұма  14.00 -18.00 сағ

 

Жолдыбаева Зоя Кенесовна  - медбике

Мұғалімдер саны:  39

Оқушылар саны: 187

Асхананың болуы: бар

Арнайы кабинеттер: көркем еңбек, ағылшын тілі, қазақ тілі, биология, физика, химия, информатика, АӘД, бастауыш класс.

Спортзал: бар

Үйірмелер: шахмат, тоғызқұмалақ, домбыра, «Былғары доп», теннис, волейбол, «Шебер қолдар»

Мектеп тарихы

«Жабасақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі  алғаш 1934 жылы «Жабасақ бастауыш мектебі» болып ашылған. Мектептің алғашқы ғимараты сол кездегі  Халық ағарту комиссары  Т.Жүргеновтың Республикада 1000 мектеп салу бағдарламасы бойынша салынған алғашқы мектептердің бірі болды. 1953-1954 жылдары «Жабасақ орта мектебі» болып құрылған.

«Жабасақ жалпы орта білім беретін мектебі»  аудан арасындағы сапалы білім беріп, түрлі жетістерімен танылған орта мектеп.

Мектептің өзекті мәселесі:  «Жас ұрпақты тәрбиелеуде білім мазмұнын жаңарту арқылы Қазақстанның болашағы зерделі тұлғасын қалыптастыру»

Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыра отырып, жеке тұлғаға бағытталған білім беру; мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің табысты дамуына және тұлғаның өздігінен дамуына жағдай жасау.

Жабасақ жалпы орта мектебінен білім алған түлектер Қазақстан Республикасының әр түкпірінде  жоғары оқу орындарында, белгілі мемлекеттік қызметте жұмыс жасайды. Мектеп жаңартылған білім мазмұнына сай қызмет ете отырып, оқушыларды бәсекеге қабілеттілікке бейімдеп , білім алушыны қоғамнан өз орнын таба білетіндей тұлға етіп даярлауды мақсат етеді. Заманауи  ақпараттық, жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың сапалы білім алуына жол ашады.

Мектептің бәсекеге қабілеттілігінің артықшылығы:

-Педагогикалық құрамының  жоғары кәсіби деңгейі:

Педагогтар 80% жоғары білімді, біліктілік санатының үлесі бойынша жоғары/ бірінші санатты 48%, көшбасшы мұғалімдер саны-3, облыстық жетекші мектеп.

-Тәрбие жұмысының қалыптасқан жүйелілігі;

-Оқуда қиналатын оқушыларға көмек беру;

-Оқушылардың  пән олимпиадалар мен сайыстарда  белсене қатысуы, жүлделі орын

-Мұғалім мен оқушылардың  жаңашыл, сараптау, зерттеу жұмыстарына қатысуы

 Мектептің марапаттары:

2018ж- «Алғыс хат»  Жабасақ ЖОББМ ұжымына  Облыстық басқармасы

2018 ж-ІІ дәрежелі диплом «ЕЛ ІШІ-ӨНЕР КЕНІШІ» облыстық халық шығармашылығы фестиваль-байқауы

2018ж-   Диплом «Ауыл тірегі-жігерлі жастар» аудандық ауыл жастары фестиваль-байқауы.  Аудан әкімі М.Е. Ибрашов

2018 ж «Алғыс хат» Жабасақ ЖОББМ ұжымына

2019ж  «Алғыс хат» Жабасақ ЖОББМ ұжымына аудан әкімінің орынбасары

Н. Нажмадинов

2019 ж Куәлік  Әйтеке би ауданы Жабасақ ЖОББМ жетекші мектеп ПШО

2020ж «Ел тірегі-жігерлі жастар» аудандық ауыл жастар фестиваль- байқауы

Аудан әкімі    Елеусізов М.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалыктар