Жабасақ ЖОББМ
Сынып: 6
Жауапты: Мұратова Динара
Дайындаған: Ермаханова Зухра
2021-2022 жыл
Тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»
Мақсаты: Интеллектуалдылық сайысқа қатысушы топтардың тарихи білімдерін дамыту.Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықты арттыру.Шығармашылық қабілеттерін нығайту,тарихи зерделік қасиеттерін дамыту
Құрметті оқушылар,ұстаздар! Алда келе жатқан үлкен ұлттық мереке - Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!Және осы мерекемен тұспа тұс келген «Тарих.Тағылым.Тәуелсіздік» атты тарих апталығы аясында 6 сыныптар арасында өткізгелі отырған бүгінгі «Озық ойлы оқушы» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысқа қатысатын топтармен таныс болыңыздар:
- «Азиялық скифтер» тобы.
- «Жүйрік атты турлар» тобы.
Сайысымызға баға беретін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:
11 сынып оқушысы Жайылхан Ақбота.
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
1-Кезең «терминалогия»
2- кезең «математикалық шкатулка».
3- кезең «сұрақ жауап»
4- кезең «тарихи жылдар»
5- кезең «ойлан тап!».
Ескерте кететін жайт : бұл кезеңдерден бөлек қосымша тапсырмалар болады
1-Кезең «терминалогия»
Белгілі бір термин беріледі ,солардың мағынасын ашу.әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай
- Топ
- Вақф –мешіттер мен медресселердің жер иеліктері
- Орда- хандық биліктің орталығы
- Руна- түркілердің көне жазуы
- Елтебер- қағанат ақсүйегіне берілетін лауазым
- Ихта- феодалға шартты түрде берілетін жер үлесі. Жер иеленудің бір түрі.
2- топ
- Сүзеген Сұлу қағанға берген арабтардың атауы
- Баж отырықшы егінші тұрғындардан жиналатын салық түрі
- Тат –құл
- Шад- қаған ұрпағына берілетін лауазым
- Қара бұдандар – қарапайым халық
2- кезең «математикалық шкатулка».
Есептерді дұрыс шеше отра мәнін тарихпен байланыстыру.Әр дұрыс жауап үшін 1-ұпай.
1- топқа арналған есептер
- 552- Түрік қағанаты құрылды
- 870- әл Фараби туылған жыл
- 751- Атлах шайқасы
2 топқа арналған есептер
- 942- Қарахан мемлекеті өмір сүрді/құрылды
- 756- Түргеш қағанаты құлады
- 1212- Қарахан мемлекеті құлады
3- кезең «сұрақ жауап» Лидерлер жарысады.Лездеме сұрақтары қойылады.әр дұрыс жауап үшін 1-ұпай.
- Қазақстанға ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет/ Түрік қағанаты
- Түрік этнонимі қытай жазбаларында кездесе бастаған жыл/ 552
- Бумын қаған қай оқиғадан кейін Түрік қағаны атанды?/Жужан қағанын жеңгеннен кейін
- Батыс түрік қағанатының жазғы ордасы/ Мыңбұлақ
- Батыс Түрік қағанатының астанасы:Суяб
- Батыстағы елдерді жаулап алуды ойлаған Батыс түрік қағаны?/ Тон қаған
- Түргеш қағанатының орнына келді/Қарлұқтар
- Түркеш қағанаты қанша аймаққа бөлінді/ 120
- 751 жылы арабтарды қолдап , қытайларға қарысы шыққан тайпа/Қарлұқтар
10)Қарлұқ мемлекетінің құлаған жылы/756-940
4- кезең «тарихи жылдар»тарихқа байланысты жылдар беріледі,сол жылдаы болған оқиғаны табады.әр дұрыс жауап үшін 1-ұпай
1-топқа арналған
- 603 –Түрік қағанаты құлады
- 603-704 Батыс түрік қағанаты
- 704-756 Түркеш қағанаты
- 2,5млн-12мыңжыл Ерте палеолит
- 12-5 мың жыл Мезолит
2топқа арналған
- 100-13мың жыл бұрын Мұз басу дәуірі
- 5-3мың жыл бұрын Неолит
- 453 жыл Ғұн империясы ыдырады, Еділ өлді
- Бзб 519-1дарий сақтарға жорық жасады
- Бзб460- марафон шайқасы
5- кезең «ойлан тап!».Бұл кезеңде оқушылар кеңінен ойлануы тиіс.Бұл кезең шығармашылық жұмыс.Берілген сөздерді қолдана отыра жүйелі мәтін құраймыз.
Уақытқа,берілген сөздердің көп қолданылуына және жүйелілігіне байланысты бағаланады.Бірінші аяқтаған топқа «5 ұпай» беріледі.
Осымен «Озық ойлы оқушы» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңіске жеткен топты құттықтай отыра белсенділіктеріңіз үшін алғысымды білдіремін!
https://jabasak-aitekebi.edu.kz/kz/is-sharalar/9753-%C2%AB%D0%BE%D0%B7%D1%8B%D2%9B-%D0%BE%D0%B9%D0%BB%D1%8B-%D0%BE%D2%9B%D1%83%D1%88%D1%8B%C2%BB.html#sigFreeId4446832393
https://jabasak-aitekebi.edu.kz/kz/is-sharalar/9753-%C2%AB%D0%BE%D0%B7%D1%8B%D2%9B-%D0%BE%D0%B9%D0%BB%D1%8B-%D0%BE%D2%9B%D1%83%D1%88%D1%8B%C2%BB.html#sigFreeId2524a2316f