23 Желт 2021
Іс-шаралар

«Жас тарихшы» (7-сынып)

«Жас тарихшы»

Тақырыбы: «Жас тарихшы»

Мақсаты: 7- сынып оқушылары арасындағы  тарих пәнінен білімдерін сынап, кімнің үздік екенін анықтау.

 Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Бүгінгі тарих апталығы аясында өткізіліп отырған сайысқа қош келдіңіздер. Сайыста 7- сынып арасында «Жас тарихшыны» анықтайтын боламыз.

Сайысымызды бастамас бұрын сынып ішінен сайысқа қатысатын 4 қатысушыны анықтап алсақ. Оны анықтау үшін мен сіздерге сұрақ қоятын боламын.

1)Желтоқсан оқиғасы болған жыл?

2)Қазақстан Республикасының Әнұранының авторлары?

3)Қазақстан Республикасының валютасы теңге қай жылы шықты?

4)ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев қай жылы өкілеттілігін тоқтатты?

 Сайысқа қатысатын қатысушыларымызды таңдап алдық. Ендеше сайысымызды бастайық.

Сайыс кезеңдері:

  • Тарихи тұлғалар
  • Сәйкестендіру
  • Сандар сөйлейді
  • Сұрақ – жауап
  • Адасқан сөйлем

 

1)Тарихи тұлға: бұл бөлімде қатысушыларымызға тарих  тақтасынан ойып тұрып орын алған тұлғаларымыздың суреті беріледі және сол суреттің астында бірнеше сұрақ болады. Сол сұраққа жауап беру керек.

 2)Сәйкестендіру: бұл бөлімде қатысушыларға тайпалар мен олардың билеушілері беріледі және оларды дұрыс сйкестендіру қажет.

 3)Сандар сөйлейді: бұл бөлімде әр оқушыға конверт беріледі және оның ішіндегі есепті шешіп, жауабындағы жылда не болғанын айту қажет.

 4)Сұрақ-жауап: бұл бөлімде әр қатысушыға жеке сұрақ қойылады.

 5)Адасқан сөйлем: бұл бөлімде адасқан әріптерді орынына қойып, дұрыс сөйлем шығару керек.

 Сайысымыз осымен аяқталды. Жеңіске жеткен қатысушыны құттықтаймыз. Сау болыңыздар.

 

Жаңалыктар