«Білекті бірді жығдыр, білімді мыңды жығады»
Тақырыбы: «Білекті бірді жығдыр, білімді мыңды жығады»
Мақсаты: 8-сынып оқушылары арасындағы тарихтан білімдерін анықтау.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Бүгінгі тарих апталығы аясында өткізіліп отырған «Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады» деп аталатын 8-сыныптар арасында сайысымызға қош келдіңіздер.
Ойынға қатысатын топтар дайын болса, ойын ережесімен таныстырып кетсем.
Сайыс бөлімдері:
- Таныстыру
- Сиқырлы ұяшық
- Тарихи тұлға
- Мақал - сөздің мәйегі
- Білекті бірді жығар
- Топтық жұмыс
Бірінші бөлім: Таныстыру, яғни топтар өздерінің аттары мен ұрандарын айтады.
Екінші бөлім: Сиқырлы ұяшық. Бұл кезеңде топтарға ұяшықтар берілетін болады және солардың біреуін таңдайды.
Үшінші бөлім: Тарихи тұлға. Бұл бөлімде қатысушыларға тарихтағы белгілі тұлғалардың суреті беріледі және ол тұлғалардың аты-жөнін айтуы керек.
Төртінші бөлім: Мақал – сөздің мәйегі, яғни бұл бөлімде жұмбақ қойылады, сол жұмбақтың дұрыс жауабын тауып, жауапқа байланысты мақал айтуы қажет.
Бесінші бөлім: Білекті бірді жығар. Бұл бөлімде екі топтың ер балалары шығып, білектерінің күшін сынайтын болады.
Алтыншы бөлім: Топтық жұмыс. Бұл бөлімде екі топ алдарына берілген тапсырманы ақылдасып орындайды.
Осымен сайысымыз аяқталды. Сайыста жеңіске жеткен топты құттықтаймыз. Қатысқандарыңыз үшін рахмет.
https://jabasak-aitekebi.edu.kz/kz/is-sharalar/9755-%C2%AB%D0%B1%D1%96%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%96-%D0%B1%D1%96%D1%80%D0%B4%D1%96-%D0%B6%D1%8B%D2%93%D0%B4%D1%8B%D1%80,-%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96-%D0%BC%D1%8B%D2%A3%D0%B4%D1%8B-%D0%B6%D1%8B%D2%93%D0%B0%D0%B4%D1%8B%C2%BB.html#sigFreeId5e00a6683c
https://jabasak-aitekebi.edu.kz/kz/is-sharalar/9755-%C2%AB%D0%B1%D1%96%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%96-%D0%B1%D1%96%D1%80%D0%B4%D1%96-%D0%B6%D1%8B%D2%93%D0%B4%D1%8B%D1%80,-%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96-%D0%BC%D1%8B%D2%A3%D0%B4%D1%8B-%D0%B6%D1%8B%D2%93%D0%B0%D0%B4%D1%8B%C2%BB.html#sigFreeIdb4f067c513